Қырғыз пианиношысы Азамат Сыдықов АҚШ-тағы жеке концертін Қырғызстанның Ала-Бөкен ауданында баптистік-христиандық діни сеніміне байланысты үш мәрте қайта жерленген әйелге арнады. Бұл туралы сазгер Facebook’тегі парақшасында жазды.
“Біздің еркіндігіміз бен қарапайым құқықтарымыз жабайлық пен тұрпайылықтың құрсауында қалды, ал конституцияда дін еркіндігі мен құқығы туралы анық жазылған. Каныгүл Сатыбалдиева төңірегіндегі жағдай христиан дінін қабылдаған басқа да қырғыздарға қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Бұл жағдай Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтіреді”, – деп жазды ол.
14 қазанда жергілікті тұрғындар мен имамдар Каныгүл Сатыбалдиеваны мұсылман зиратына жерлеуге рұқсат бермей қойды. Жанжалдан соң оны Орукту ауылына қарасты зиратқа жерлеген. Бірақ ол ауылдық тұрғындары да наразылық білдірген соң, мүрдені қазып алуға туралы келген. Оны сол аудандағы христиан зиратына жерлеген. Бірақ мүрдені ол жерден де қазып алып, басқа бір жерге жерлеуге тура келді.