Бұл туралы қалалық әкімдіктің жанындағы Қоғамдық кеңес өткізген жиында айтылды деп хабарлады sn.kz.
ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік қонақтарды толықтай қонақ үймен қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан оларға ЖОО жатақханалары ұсынылуы мүмкін. Ондай болған жағдайда астаналық студенттер бірнеше айға өз бөлмелерін босатып беруге тура келеді.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің жанындағы Қоғамдық кеңес өткізген жиында айтылды деп хабарлады sn.kz.
Алайда, жатақханалардың өзі қонақтарды күтіп алу мәселесін толықтай шеше алмайтын секілді. Өйткені, олардың бәрінде небәрі 5 мың ғана орын бар екен. Ректордың айтуынша, Астанада әу баста студенттік қалашық салынуы тиіс болған. Алайда, ол жобаға сол күйі қаржы аударылмапты.
«Енді олар (әкімдік өкілдері – авт.) бізге келіп жатақханаларды жөндеуден өткізіп, қонақ үй ретінде беруімізді сұрап отыр. Олай болатын болса біз студенттерді бөлмелерінен қуып шығуымыз керек. Бірақ, 5 миллион адамның мәселесін 5 мың орындық жатақханалармен шешуге болмайды ғой?!», – дейді А.Мұсаходжаева.
Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та мұндай проблеманың бар екенін жасырмайды. Оның айтуынша, жергілікті билік қазір тығырықтан шығудың түрлі жолдарын қарастырып жатқан көрінеді.
«Иә, бұл проблема қазір өзекті болып тұр. Бір күнде 65 мың адамға дейін келеді деп күтілуде. Сондықтан қазір проблеманың шешімін жан-жақты талқылап жатырмыз», – дейді әкімнің орынбасары.