Қазақстандықтар жалған лаңкестік үшін 2 жылға сотталған қарағандылық мұғалім Юрий Пакқа қолдау білдіріп, қол жинап жатыр.
Үндеу хат Елбасының атына жазылған. Онда үш күн бұрын сот үкім шығарған физика пәнінің оқытушысы Юрий Пактың ісін қайта қарау сұралады.
Алайда физика пәнінің мұғалімі сотта өзінің бұл іске қатысы жоқтығын айтып, барынша ақталып бақты. Оның айтуынша, қоңырау шалынған уақытта ол әріптестерімен парта тасып жүрген. Ал бұл уақытта телефон көрші кабинетте, сөмкесінің ішінде жатқан.
Юрий Пак – Қарағандыдағы үлгілі ұстаз, бір отбасыны асырап отырған отағасы. Оның кәмелетке толмаған екі баласы бар. Ауыр науқасқа шалдыққан анасы сот процесі жүріп жатқанда көз жұмғанын баса айта кетелік.