Қазақ әншілері Кремльде ән айтуға неге құмар? Шынымен, неге солай? Неге орысқа танылғымыз келіп тұрады? Одан бізге не пайда? Орыс бізді неғылсын?
Қит етсе орыстың шоу-байқауларына, түрлі ән-би конкурстарына қатысуға асығып тұрамыз. Орыстың құлдығынан құтылғанымыз кеше ғана емес пе? Біздің шоу-бизнес жұлдыздары алдымен қазаққа ұнауды, қазақтың көңілінен шығуды неге ойламайды осы?
Күні кеше Қайрат Нұртас “Кремльде ән салу арманым” депті. Оның несі арман? Қай орыстың әншісі Республика сарайында ән салуды армандаймын деп айтыпты.
Бізге Тәуелсіздіктің әр жылы қымбат. Демек, Ресейден барлық жағынан тәуелсіз болу керекпіз. Осыны кім, қашан ұғынады?
Біздің шоу-бизнес олардан жоғары болмаса кем емес. Біздің әншілер орыстың әншілерінен талантты болмаса, талапсыз емес.