Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы өтеді.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті хабарлады.
Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің бірлігін нығайту.
Байқау жеңімпаздарын абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.