Заңгер әйелге қол жұмсағандарға қатысты жазаны күшейтуді ұсынады.
Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов Facebook-егі жеке парақшасында жазады.
Сарапшының сөзіне қарағанда, ҚР Қылмыстық кодекстегі жаза әйел немесе еркек деп бөліп жатпайды, барлығына бірдей, бұл дұрыс емес.
„Әйел еркекке қарағанда әлсіз, қорғансыз. Сондықтан әйелге қол жұмсағандарға қатысты жазаны күшейтуді ұсынамын. Ол үшін Қылмыстық кодекске „жапа шеккен әйел адам болса, онда кодексте көрсетілген жаза екі есе қолданылады„ деп жазылса болғаны. Мысалы, адам денсаулығына келтірген залал үшін 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.
Мұндайда жапа шегуші әйел болса, онда бұл жаза мерзімі 4 жыл болуы керек. Не болмаса, әйеліне қоқаңдап, бір рет болсын, қолын тигізгені үшін бүгіндері 109-бап бар, яғни „Ұрып-соғу„ бойынша 45 тәулікке қамалады, мұндай жағдайда оны 1 жыл еткен әбден дұрыс. Сонда әйел қауымын қорғап, еркектерді де тәрбиелеп алар едік. Ал нағыз еркек өзінен әлсізге ешқашан қол жұмсамайды„ деп жазады заңгер.