14-қыркүйекте орын алған екі ірі жол көлік апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 2-тармағы, яғни „Жол қозғалысы ережесін бұзу„ бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
Бұл туралы Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен түнде шамамен 01:00 уақытында Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолының 178 шақырымында 36 жастағы Астана тұрғыны тізгіндеген «Тайота Прадо» көлігі жүргізушіге бағынбай, жолдың жиегінен бір-ақ шықты. Салдарынан жүргізуші көптеген дене жарақатын алып, қолын сындырған. Ол шұғыл түрде Әулиекөл аудандық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді.
Сонымен қатар Қостанай-Рудный тас жолының 20 шақырымында тағы бір жол көлік оқиғасы болды. «Gelly» көлігін тізгіндеген Рудныйдың 44 жастағы тұрғыны жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Ауди- 100» көлігімен бетпе-бет соқытығысқан.
«Ауди» көлігінің 46-жастағы тұрғыны қатты зардап шекпеген. Ал оның жанындағы 1974, 1991 және 2008 жылғы жолаушылары сынықпен, түрлі дене жарақатымен Қостанай облыстық ауруханасына түсті. Бұл оқиғаға қатысты арнайы сараптама тағайындалды.
Еске сала кетелік, өткен екі тәулік ішінде Қостанай облысында 3 жол көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер бар. Барлық жағдайда жүргізушілердің жол жүру ережесін бұзғандығы себеп болып отыр.