Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астанада жоғалып кеткен қария табылды

Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері екі тәулік бойы далада болған қарияны қамыс арасынан ессіз-түссіз күйінде жатқан жерінен тауып алды. Полиция қызметкерлері бірден қарияны ауруханаға жеткізіп, оған дәрігерлер қажетті көмек көрсетті.

Өз кезегінде жоғалған қарияның қызы Оксана Семченко Астана қаласы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровке, сондай-ақ Есіл аудандық ішкі істер департаменті басқармасының аға лейтенанты Бағлан Омаров пен Медет Жұмасияновқа әкесі Иван Котовты тауып бергені үшін шексіз ризашылығын білдірді.

„Біздің отбасымыз Есіл аудандық ішкі істер департаменті басқармасының қылмысты ашу қызметкерлеріне алғысы шексіз. Бізді өз саласының осындай білікті мамандары барлығы қатты қуанатады„ – дейді Семченко Оксана.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз