Ерке Есмахан өзінің Инстаграмдағы парақшасына “хит халатын” киіп суретке түсіпті. Бұл не халат десеңіз, миллиондаған көрермен тамашалаған “Алло” клипінде киіп шыққан халат осы.
“Мен негізі күшті қызбын! Қолым босағанда, үй жинап, тігін тігіп, кiр жуып, ою ойып, тоқыма тоқып, киіз басады, – деп ойлап қалмаңыздар. Тек анда-санда ет асатыным болмаса, ондай қатты пысық емеспін” деп жазыпты өз кезегінде әнші.
“Ет асқан да өнер ғой. Өзі өте әдемі әрі қарапайым” деп жазыпты әлеуметтік желідегі қауым. Сонымен қатар “хит халатқа” көзі түскендер “Алло” клипінің жалғасы түсіріле ме деген сауал қойған екен.
Желідегі қауымның жазбасын Ерке де оқығаны анық. Бәлкім, бұдан кейін әнші өзінің әріптесі Төреғали Төреәлімен ақылдаса келе, клиптің жалғасын түсіруді ойластыратын шығар.