Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында әйел зорлау ісіне қатысы бар соңғы күдікті қолға түсті.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Ол 1994 жылғы Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті қалада таныстарының үйінде жасырынып отырған. Атышулы істі анықтау үшін Талдықорғаннан Алматы облысы ІІД басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мәсімов келді.
Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген Жібек Мусинованың анасы – Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті. Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті. Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.
ҚР ҚК 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде.