Мәскеу соты ұлтшыл Александр Поткинді (Белов) жеті жарым жылға жалпы режимдегі колонияға отырғызып, оған 600 мың рубль айыппұл салды.
Ресейде тыйым салынған “Русские” ұлтшылдар қозғалысы жетекшілерінің бірін төрт бап бойынша айыпты деп тапты. Мещандық сот қазақстандық БТА Банктің Поткинге қатысты азаматтық шағымын толығымен қанағаттандырды. Сотталушының адвокаттары сот үкіміне шағым түсіруді көздеп отыр.
Александр Поткин тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істердің саяси астары барын мәлімдеумен келеді. Сәуірде Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Поткиннің ұзақ уақыт қамауда отырғанына шағымын қарай бастады.