Әнші Сәкен Майғазиев жазғы демалысын әріптестері сияқты шетелде емес, ауылда өткізуді жөн көріпті.
Әнші өзінің балаларын ата-анасына алып барыпты. Сәкен бұл турасында өзінің Инстаграм парақшасында қызықты суреттермен бөліскен екен.
Сәкен Майғазиев ауылында демалып қана қоймай, туысқандарына жүгері жинауға да көмектескен екен. Алайда жүгеріге аллергиясы болғандықтан бет-аузын орамалмен тұмшалауға мәжбүр болған.
Желі қолданушылары өз кезегінде әншінің қарапайымдылығына таң қалып, оның жазғы демалысын ауылда өткізгеніне оң баға берді.
“Сәкен, жүгеріге аллергия болса, ол затты ұстамақ түгіл жақындауға болмайды. Байқаңыз”, “Пісіріп жесең ғой, шіркін! Дәмі аузыңнан кетпейді. Әсіресе ауылдыкі”, “Мына суретте мультфильмдегі Алдар Көседен аумай қалыпсыз”, “Бала кезіміз есіме түсіп кетті”, “Қалада жүріп қанша атақты болсаңыз да, ата-анаңыз үшін мәңгілік бала болып қаласыз. Сондықтан мықтысыз, Сәкен аға” дейді әлеуметтік желі қолданушылары.