ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен 28-ші қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің отырысында Универсиада бойтұмарының түпкілікті нұсқасы бекітілді.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Сұңқар балапаны – жас спортшылардың жеңіске құштарлығы мен қайраттылығының символы.
Сондай-ақ отырыс барысында Универсиада медальдарының дизайны да бекітілді.
Медаль классикалық үлгіде металл қорытпасынан жасалған. Олар Қазақстанның монета сарайында түсті эмальды пайдалана отырып дайындалды. Медальдің бет жағында FISU логотипі, Универсиада атауы мен өткізу орны, ал сырт жағында Универсиада логотипі көрсетілген, деп жазады 28-ші Бүкіләлемдік қысқыУниверсиада-2017 ресми сайты.