Лондон Олимпиадасының үздігі, ресейлік Егор Мехонцев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында біздің Әділбек Ниязымбетовты жеңген куба боксшысы Хулио Ла Крусты сынға алыпты.
“Бұл бокс емес, бұл порнография. Мұны кубалық ұйымдастырды. Бұл бокс үшін өте ұят нәрсе”, – деп жазады Мехонцев.
Айта кетсек, Рио Олимпиадасында бокстан ерлер арасында 81 келіге дейін салмақтың финалы өткен еді. Ақтық сында қазақстандық Әділбек Ниязымбетов пен кубалық Хулио Сезар Ла Круз жолығып, кубалық басым түсті.
Ал Әділбек Ниязымбетов пен Егор Мехонцов осыдан 4 жыл бұрын Лондон Олимпиадасының ақтық сынында кездескен-тұғын. Ол кезде жекпе- жек 13:13 есебімен аяқталған болатын. Төрешілер жеңісті ресейлікке берген еді.