Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбеде қалалық автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

Дегенмен бір автобус кондукторының бірінің айтуынша, түнге жақын жиналғандар саны бірнеше жүзге көбейген. “Автопарк” – қалада жолаушылар тасумен айналысатын негізгі кәсіпорын.

Бұған дейін жүргізушілер күн сайын 3 мың төлеп келсе, жаңа жоспар оларды автопаркке 5 мыңнан өткізіп тұруға міндеттейді. Жүргізушілер бұрынғы күндізгі жоспарға қайта көшірілмесе, 18 тамыздан бастап жолаушылар тасуды доғаратындарын ескертті.

Жергілікті билік өкілдері, полиция қызметкерлері және автопарк басшылығы түнге дейін акция өткен орында жүрді.

Облыстық әкімшіліктің бүгін таратқан хабарламасы бойынша, тараптар ортақ шешімге келмейінше, автобус жүргізушілері бұрынғы жоспарға қайта көшіріледі. Бүгін, бейсенбі, 18 тамыз күні Ақтөбедегі қалалық автобустар кесте бойынша жолаушы тасымалдап жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз