Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасында брасс әдісімен 100 метр суға жүзуде сегізінші орынға ие болды.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Осы жарыста алтын жүлдені ұлыбританиялық спортшы Адам Пити алды. Ол 100 метрді 57,13 секунд аралығында жүзіп өтіп, әлем рекордын жаңарты. Күміс жүлде оңтүстікафрикалық Кэмерона ван дер Бургаға (58,69 сек.), ал қола медаль америкалық Коди Миллерге бұйырды.+
Рио Олимпиадасында спорттың 28 түрінен 306 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Ойындарды отандық үш телеарна көрсетеді: «Kazsport», «Хабар» және «Қазақстан».
Рио-де-Жанейро қаласында басталған XХXI жазғы Олимпиада ойындары 21 тамызға дейін жалғасады.