Ақтөбе облысында жүк вагондарының жолдан шығып кетуі салдарынан кестедегі уақытынан кешіккен пойыздардың жолаушыларына билет ақшасы қайтарылады. Атап айтқанда, 31-шілде күнгі “Астана-Атырау” және “Астана-Ақтөбе” бағытындағы жолаушылар пойызы.
Бұл туралы “Ақтөбе ақпарат” ақпараттық орталығына сілтеме жасап, Қазақстан жаңалықтары хабарлады.
Бірден теміржол төсемін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қалпына келтіру жұмыстарына 86 адам, “Қазақстан теміржолы” ҰК” АҚ Әйтеке би және Қандыағаш станцияларына қарасты екі қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Сағат 17-00-де 2 вагон теміржолға қойылды, тағы 20 вагон теміржол бетінен алынды.
Апат салдарынан “Астана-Атырау” және “Астана-Ақтөбе” бағытындағы жолаушылар пойызы кестеде белгіленген уақыттан көп бөгелді. Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді.
“Жүк вагондарының жолдан шығып кетуінен бөгелген пойыздардың жолаушыларына билет ақшасы қайтарылады. Оларға кассаларға бару керек”, — делінген хабарламада.