ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Антальяға бағыт алған рейстерге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы бүгін аталған ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
“ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің бұйрығымен Инвестициялар және даму министрлігі мен түріктің авиациялық билігімен, сонымен қатар тасымалды жүзеге асырушы әуе компания мен екі елдегі туристік фирмалардың өкілдерімен келіссөз жүріп, кеңес өткізілді.
Оның қорытындысы бойынша министрлік Қазақстан мен Анталья арасында тыйым салынған рейстердің жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды” делінеді баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгін аталған министрлік Түркиядағы әскери төңкеріске байланысты Қазақстаннан Түркияға ұшатын барлық әуе рейстердің істің мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылғанын мәлімдеп еді.