Бұл өнер иесі Жорабаеваны бей-жай қалдыра алмаған сияқты. Себебі жүктелген фотоға қалдырылған пікірлер санында шек жоқ. Дегенмен өнер жұлдызы осы бір тыңдарманның сауалына жауап беруді құп көрген.
“Мені бүкіл Хэппилонда бүлдіршіндер күтіп отырды ол кезде. Көшеде пробка. Керуендегі Хэппилонға бір жарым сағатта жеттім. Бір күн бұрын да концерт сол Жерұйық паркте болды. Ән айтып болып, суретке түстім асықпай. Өйткені басқа жұмысым болмады. Түсіністікпен қарағандарыңыз дұрыс деп ойлаймын”, – деп жазған әнші қандай күй кешкенін де бөліскен.
“Тіпті, сол паркте ән айтып болып, биік аяқ киімімді шешіп, слансы кидім де машинама қарай жүгірдім. Машинам өте алыста болды. Су тер болдым” деп ойын түйген Жорабаева.