Жануарлар әлемі — бай әлем. Сүйкімді жануарлар да бар, ұсқыны адамның зәресін алатын тым қорқыныштылары кездеседі. Жер бетіндегі ең қорқынышты мақұлықтардың түрі осындай болады екен:
Бұл мақұлық өзінің көзге оттай басылатын көк түсімен басқа жыртқыштарды қорқытады. Шынында да, одан қорқу керек. Оның уы барлық мақұлықтарды, тіпті адамды да өлтіреді. Оның уына қарсы ем жоқ.
Бұл тек қана Мадагаскарда кездесетін лемур. Қатты бақырайған көзі мен ұзын қап-қара саусақтары қорқынышты киноларда кездесетін үрейлі образдардан кем емес. Бірақ қорқынышты түрі болмаса, оның адамға басқа еш зияны жоқ екен.
Қасқыр — ең қорқынышты жыртқыш аңдардың бірі. Бірақ Гуара — біртүрлі қасқыр. Әсіресе аяқтарының ұзындығы адамның санасына әрең сияды.
Гримпотевтис деген сегізаяқ су түбінде тіршілік етеді. Оны табу үшін 5 мың метрге дейінгі тереңдікке түсу керек. Сол үшін ғалымдар бұл мақұлық жайында көп нәрсе білмейді.
Мына мақұлықтың терісі тап-тақыр. Онысымен қоймай, аузындағы тістері де қорқынышты көрінеді.
Бұл — фотошоп емес. Бұл — Геренук деген жануар. Ол Африкада тіршілік етеді.
Минога – қан соратын құбыжықтың дәл өзі сияқты.
Мұндай мақұлық өмірде жоқ деп ойламаңыз. Бұл — өмірде бар мақұлық. Ол — соқыр. Тек жер астында тіршілік етеді. Бірақ оның иіс сезу қабілеті керемет күшті болады.
Мұны тамшы-балық дейді. Ол аузына сыйғанның бәрін қылғыта беретін құбыжықтың нақ өзі. Бірақ білетіндер бұл балықтың етін керемет жеңсік ас дейді.
Бұл сайтан мұхиттың түбінде, тым тереңде жүреді. Мұнымен кездесіп қалсаңыз — шошитыныңыз анық!
Біреулер мұны шаян дейді. Бірақ ол — балық. Бірақ балық болса да — ол жүзе алмайды екен. Ол су түбінде кәдімгідей төрт аяқтап жүреді.
Акуланың бұл түрі — ең қорқынышты акула. Бұл мақұлық ежелгі заманнан қалған, 125 миллион жыл бұрын да тіршілік еткен, әлі де жүр. Бірақ қазір олар жер бетінде азайып барады деседі.
Бұл мақұлық Тасманияның жағалауында кездеседі. Жұмыртқалайды. Улы деседі. Оның уынан адамның бүкіл денесі дуылдап кетеді.
Оны ай-балық, немесе күн-балық дейді. Бірақ балықбас деген дұрыс сияқты. Салмағы 1 тонналық бұл алып мұхитта зомби сияқты жүзіп жүреді. Жапония, Корей мен Таявань жағалауларында кездеседі. Балықшылар осы балықты ұстап алуды армандайды.
Дереккөз: interesnosti.com