Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңес өтеді.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Телекөпір форматындағы кеңес аясында индустрияландыру бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланады және екінші бесжылдық бағдарламасы аясындағы бірқатар жаңа жобалар іске қосылады.
Олар: 1. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы. «R.W.S. Wheelset» ЖШС (теміржол білігі мен қос дөңгелек шығаратын зауыт). 2. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы. «GreenhouseKZ» ЖШС (голландтық раушандар өсіретін жылыжай кешені). 3.Алматы қаласы, «Эфко Алматы» ЖШС (май өнімдерін шығару кешені). 4.Астана қаласы, «Ipek Kagit Central Asia» (санитарлы-гигиеналық және тұрмысқа қажет қағаз өнімдерін өндіру зауыты). 5.«Петропавл трактор зауыты» ЖШС. 6.ОҚО, Қазығұрт ауданы, Майлыошақ ауылы. «Lotus Food Company LLC» ЖШС (тез әзірленетін тағам өндіру зауыты). 7.Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС (мұнай құбырларын өндіру зауыты). 8.Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы. «Конденсат» АҚ (мотор майлары өндірісі).
Сондай-ақ, индустрияландыру нәтижесінде әлеуметтік дамуын нығайтқан 3 өңір көрсетіледі. Олар: 1. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы; 2. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы; 3.Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау моноқаласы. Сондай-ақ, шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстырылады. Бұнда бірқатар түзетулер болады деп күтіліп отыр.