«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық іске төрағалық еткен судья Әділxан Шайxисламов бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты сот үкімін жария етті.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі «б» тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік келтірілген еді.
Талғат Ермегияев 2015 жылдың 12-маусымынан бері үйқамақта болған. Айыптаушы келтірген дерек бойынша, жымқырылған қаражат көлемі 10,2 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен бірге 22 адам сот алдында жауап берді. Олардың негізгі бөлігі компания қызметкерлері болған. Қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.
Сот барысында 12 айыпталушы тергеумен келісімге келген. 14 айыпталушы өз кінәларын мойнына алды. Ермегияевтің өзі кінәні мойындаудан бас тартты.