Алматыда маусымның 5-нен 6-сына қараған түні алапат өрт болды. Жалындаған тілсіз жау Алматы қаласындағы Абай мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан “Аспандияр” асханасын ораған.
Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова мәлім етті.
„Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің „101„ нөміріне түнгі 22:25 уақытында Бостандық ауданы, Мыңбаев көшесінің 113 үйіндегі „Аспандияр„ кафесі өртеніп жатыр деген хабар келіп түсті. Бірден, 22:35 уақытында төтенше оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті. Өзге де қосалқы күштер жұмылдырылды. Өрттің залал келтірген көлемі әлі анықталып жатыр„ деді ол.