Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
10
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Әкім саябақтағы бағаларды екі есеге арзандатты

Қала әкімі Бауыржан Байбек бүгін балалар мерекесіне орай, Максим Горький атындағы Орталық саябақта болды. Саябақта балаларымен демалып жүрген ата-аналар атракционға міну құнының қымбат екенін айтып, қала басшысына  шағымданды.

Әкім қала тұрғындарының шағымын тыңдап, мерекеге орай,  саябақтағы бағаны 50 пайызға арзандатуға уәде берді. Іле-шала әкім уәдесі орындалды.

– Шынында да бүгін әкімге ата-аналар келіп шағымданды. Бүгін – Балаларды қорғау күні болғандықтан, біз атракциондар бағасын ескеруіміз керек еді, алайда ескермедік. Қазір,балаларға барлық  атракциондарға міну кұнын 50 пайызға арзандаттық”, – дейді “Алтын-Тараз” компаниясының бас директоры Владимир Сидельковский.

Естеріңізге сала кетейік, саябақтың сайтында көрсетілген бағалар 150 теңге мен 3800 теңге аралығын қамтиды. Ең жоғарғы болып саналатындары – дельфинмен шомылу, оның құны – 20 мыңнан 185 мың теңге аралығында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз