Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Бүгін Астанада стритболдан әлем чемпионаты басталды

ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов халықаралық дəрежедегі жарыстың өтуі елімізде стритболды дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

– Тəуелсіз қазақ тарихында стритболдан əлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушыларға ерекше ризашылығымды білдіремін. Елімізде аталмыш спорт түрін дамыту бойынша түрлі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соңғы 7 жылда елімізде 20-дан астам стритбол жарысы өткізілді, -деді ол.

Әлем чемпионатының тікелей трансляциясын Kazsport телеарнасы мен FIBA-ның Youtube-тегі ресми каналынан тамашалауға болады.

Матчтар жасөспірімдер мен қыздар арасында 4 топта өтеді. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия жəне Катар ойыншыларымен бірге С тобында өнер көрсетеді.

Қыздар командалары да бөлек 4 топта сынға түседі. Біздің қыздар Нидерланд, АҚШ, Италия, Польшамен бірге В тобында алаңға шығады деп жоспарланған.

Стриболдан əлем чемпионатының ұйымдастырушылары – Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA 3×3), Қазақстанның стритбол лигасы (SLK), ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз