Петропавлда автобус жүргізушісі 22 жастағы азаматшаны қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Қайғылы оқиға 26-мамырда шамамен сағат 18-де Мир – Партизанская көшелерінің қиылысында орын алған – автобус жүргізушісі 1994 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.
– Қазір аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу кезінде болған оқиғаның мән-жайы мен жол-көлік апатына кінәлі адамдар анықталады, – делінген хабарламада.