Жерорта теңізінде сәрсенбі күні орын алған кеме апаты салдарынан жүзге жуық мигрант із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Көші-қон мәселелері жөніндегі халықаралық ұйым хабарлады.
«Кеме апатынан тірі қалғандардан сұрау кезінде олар бізге кемеде қалып қойған 100-ге жуық адамның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтты», – деді Көші-қон мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымның Италиядағы баспасөз хатшысы.