Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-9
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстан мен Малайзияның Бас прокурорлары меморандумға қол қойды

111

Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды  мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі аса өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Екі ел мекемелерінің басшылары екі жақты құқықтық ынтымақтастықтың едәуір әлеуетін атап өтіп, лаңкестікке қарсы тұру, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде күш біріктірудің ерекше өзектілігін атап айтты.

Кездесу барысында ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шарттарды жасасу мәселелері талқыланды.

Келіссөздер нәтижелері бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Малайзияның Бас прокуратурасы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжатқа қол қою өзара ықпалдастықтың дамуына, құқықтық саладағы ақпарат және озық тәжірибемен алмасуға жаңа серпін  береді.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Малайзияның құзіретті органдары арасында қылмысқа қарсы тұру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде ықпалдастықтың қалыптасқан деңгейін ризашылықпен атап өтті, сондай-ақ шарттық-құқықтық негізді кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

20160525114017

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз