Сыр өңірінде құс шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударыла бастады. Қызылорда қаласында өңірде алғаш рет ет өндіретін қаз бен үйрек фермасы ашылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жан Арай» шаруа қожалығына осыдан бір ай бұрын 3 мың дана жұмыртқа әкелініп, қазір одан 2600-дей балапан шығарылды. Оның 660-қа жуығы – қаздың балапаны, қалғаны – үйректер. Жұмыртқадан шыққанына 20 күннен енді асқан балапандарға дәрумен беріліп, арнайы жемделу үстінде.