Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстанда қаптап жүрген әншілер неге салық төлемейді?

Жеке кәсіпкерлігін тіркеген әншілер Луиза Каринбаева (Луина) мен Мақпал Исабекова да бюджетке бір тиын аудармаған. Департамент қызметкерлері шоу-бизнес өкілдерімен жүргізген сұхбаты барысында олардың барлығы бірауыздан төленген салығына орай табыс тауып жатқанын айтыпты. Осыған байланысты мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері тексеруге көшті. Оның ішінде продюссерлік, дыбыс жазу, клип түсіру саласында тер төгіп жүргендердің қызметі де назарға алынады.

Аталған жайтқа байланысты kaz.365info.kz порталы да зерттеу жүргізіп, жоғарыда сөз болған әртістер мен өзге де өнер жұлдыздарына хабарласып, сұрау салған болатын.

Әуелгі қоңырау шалғанымыз – салық төлемейтін жұлдыздар тізімнің бел ортасында жүрген әнші Әлішер Каримов болды.

kaz.365info.kz:Сіз өз қызметіңізді заңды рәсімдегенсіз бе? Салық төлейсіз бе?

Әлішер Каримов: – Менің бизнесім рәсімделген. Әкемнің атында ИП бар. Барлық келісім-шарттар мен қаржылық операциялар сол арқылы жүзеге асады. Мен тапқан табысымнан міндетті түрде салық төлеп тұрамын. Мысалы, жақында ғана концерт қойып гастрольден келдік. Одан түскен пайданың салығын төледік. Ал анау Forbes журналында жарияланған ақпаратты қайдан алғандарын білмеймін, бірақ оның шындыққа жанаспайтындығы анық. Мүмкін, олар кірген кірісті ғана есептеген шығар. Бірақ менің кірістен бөлек шығыстарым да бастан асады. Мысалы, менің 6 музыкант, 6 бишім, администратор т.б. қосқанда 20 шақты адамым бар. Олардың бәріне төленетін айлық, жол шығыны, реквизиттер мен техникалық аппараттарды қосқанда шығыным – кірісіме жақындап қалады. Сондықтан, журналистер екеуін де ескере отырып, таза табысты жазса, мұндай әңгіме болмас еді.

18803977

kaz.365info.kz: – Бұл жарайды, концерттен түсетін кіріс көзі ғой. Ал, тойлардан алатын ақша ше?

Әлішер Каримов: – Мен тойларға жиі шыға бермеймін. Таңдап, жақын танитындарыма ғана шығамын. Ал, одан азын-аулақ тиын тебен түсіп жатса, оны шығармашылығымды дамытуға, жаңа әндер жаздырып, жақсы клиптер түсіруге жұмсаймын.

kaz.365info.kz:Әншілердің салық төлегені дұрыс па?

Әлішер Каримов: – Әрине, бұл біздің күн көріп отырған табыс көзіміз болғандықтан, салық төлеуден жалтармаймыз. Бірақ, соған сәйкес, мемлекет те бізге жеңілдіктер жасаса. Себебі, мысалы кейбір мемлекеттік телеарналардан бір клипке ротация жасау – сол клиптің өз бағасынан 3-4 есе қымбатқа шығып кетіп жатады. Тым болмаса, осыған жеңілдік жасаса жақсы болар еді.

Келесі хабарласқанымыз – ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Тамара Асар болды.

Tamara-Asar-mini

kaz.365info.kz: – Сіз өз қызметіңізді заңды рәсімдегенсіз бе? Салық төлейсіз бе?

Тамара Асар: – Иә, рәсімдегенмін. Біраздан бері заңды тұлғалармен де жұмыс істейтіндіктен, жеке кәсіпкерлік ашқанмын. Сонымен жұмыс жасаймын. Мен 15 жылдан бері мемлекетке тұрақты түрде салық төлеп келемін.

kaz.365info.kz: – Өткен жылғы табысыңыз қанша болды? Қанша салық төледіңіз?

Тамара Асар: – Оны енді менің көмекшілерім біледі.

kaz.365info.kz:Әншілердің салық төлегені дұрыс па?

Тамара Асар: – Оны құзырлы орындар біледі. Егер, мемлекет төлеу керек деп жатса, солай жасау керек.

Асхат Тарғын түк те төлемейді екен

«Мария-Магдаленасымен» аты шыққан әнші Асхат Тарғын бір жаққа кетіп қалыпты, бізден оның өкілі – Нұрман сөйлесті.

kaz.365info.kz: – Асхат Тарғынов өз бизнесін рәсімдеген бе? Салық төлей ме?

Нұрман: – Жоқ, рәсімдеген жоқпыз. Себебі, біз Алматыға енді келіп жатырмыз. Әлі ешқандай салық та төлемедік.

kaz.365info.kz: – Өткен жылғы табыстарыңыз қанша болды?

Нұрман: – Кеше, Асхаттың өзі аудандық салық басқармасына барып, жауапты мамандармен сөйлесіп келді ғой. Олар да былтыр 172 млн. табыс тауыпсың, неге салық төлемейсің деп қыспаққа алыпты. Айналайындар-ау, шоу-бизнеске кеше келе салып, ондай ақша табатын болсақ, жақсы ғой. Ол цифрды журналистер қайдан алғанын білмеймін. Адамның ойына келмейтін сан ғой (күлді).

Елдің бәрі ойлайды, әншілер тойда жүреді, қырып табады деп.

Бірақ ол тойлардың жартысынан көбі – туған-туыс, дос-жаран, тамыр-таныстікі. Тегін бармасаң болмайды. Біздің тағы телеарналар деген «рэкеттеріміз» бар. Оларға да тегін бармасаң, бітті. Эфирден шықпайсың, концерттеріне бара алмайсың. Сондықтан, барған тойдың бәрінен қырып қаламақы алады деу, қате пікір.

kaz.365info.kz: Әншілердің салық төлегені дұрыс па?

Нұрман: – Дұрыс не дұрыс емес деп айта алмаймын. Бірақ жақсы табыс тауып жатсақ, салық төлеуден жалтармас едік.

13245984_1185811508131000_148118592_n

Айтпақшы, өз еліндегі тым жоғары салыққа ашуланған француз актері Жерар Депардье бір кездері Франциядан қашып, Ресей, одан кейін Бельгия жағалап кетіп еді. Депардьені өз елінен бездірген – табысы 1 млн евродан асатындарға 75 пайыз салық төлетіп қоятын Францияның салық жүйесі болатын.

Ал, біздегі жеңілдетілген 3-5 пайыздық салықты төлеуді ауырсыну – шындығында да күлкілі көрінеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз