«Даму» қоры несие пайызын төмендетпек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қуаныш Төлеушин мәлім етті.
«Біз ағымдағы жылы шешкіміз келіп отырған 3 басты міндетті анықтадық. Біріншісі – кәсіпкерлер көтерген мәселе. Яғни, несие қаражатын барынша арзандату»,- деді ол.
Осы ретте қор басшысы өткен жылғы бағдарлмаларға сараптама жүргізілгендігін баса айтты.
«Егер «Даму» қорының екінші деңгейлі банктер арқылы беретін несиелерінің орташа ставкасы шамамен 14 пайызды құраса. Ағымдағы жылы біз кредитті 8,5 пайыздан аспайтын ставкамен беру міндетін алға қойып отырмыз. Ол жылына 6,5-8,5 пайызды құрап, 5-7 жылға берілетін болады», – деді Қ.Тілеушин.
Оның айтуынша, бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер беретін несиенің нарықтық ставкасы шамамен 20 пайызды құрап отыр.