Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі өтті.
Бірінші кезеңде 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай Польша өкілі Анжелика Гроньскаямен кездеседі.
Дина Жоламан (54 кг) Клаудия Нечита (Румыния) мен Орнелла Вагнер (Германия) кездесуінің жеңімпазымен, ал Айжан Ходжабекова (57 кг) Марина Малована (Украина) және Вивьен Ксомбор (Венгрия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Римма Волосенко 1/8 финалға шығу үшін Ивон Расмуссен (Дания) және Ти Дуйен Лю (Вьетнам) жекпе-жегінің жеңімпазымен күш сынасады.
Зарина Цолоева (64 кг) бірінші кезеңде Вьетнам өкілі Ти Лин Ха, а ал Валентина Хальзова кореялық Химин Номен кездеседі.
Виолетта Князева (75 кг) австралиялық Кейтлин Паркермен, Юлдуз Маматкулова (81 кг) ресейлік Любовь Пашинамен жұдырықтасады.
Ең ауыр салмақта 81 кг өнер көрсететін Ляззат Күнгейбаева ширек финалда Айнұр Рзаева (Әзербайжан) және Сима Пуния (Үндістан) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.