Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстандағы барлық мемлекеттік сатып алу электронды форматқа ауысты

221

«Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту тарихы 1998 жылдан бастап алған еді. Сол кезде алғашқы арнайы заң қабылданған болатын. Осы жылдың басында-ақ мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң да күшіне енді.  Аталған заңды әзірлеуде барлық үздік халықаралық тәжірибе қамтылды. Зор жұмыс атқарылды. Соның нәтижесінде ендігі уақытта Қазақстандағы барлық мемлекеттік сатып алу жүйесі электронды форматқа негізделген», – деді ол.

Осы ретте министр ендігі уақытта Қазақстан бұл салада жинақтаған тәжірибесін басқа да елдермен бөлісе алатындығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз көптеген жайт бұл саладағы мамандар мен сарапшылардың кәсіби біліктілігіне байланысты екендігін толықтай түсінеміз. Сондықтан, меніңше, сіздердің елдеріміздегі түрлі пікірлермен, әдістермен бөлісу мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытуға тың серпін береді»,

– деді Б.Сұлтанов.

Айта кетерлігі, алдағы үш күн бойы Еуропа мен Орталық Азияның мамандары мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз