Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-19
USD
524
-0.14
EUR
545
-0.25
RUB
5.2
+0.09

Қазақстанда Жеңіс күні аталып жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері ерекше алғыс білдіруге, құрметтеуге лайықты жандар екенін мәлімдеді. Президент Ұлы жеңіс – «барлық қажыр-қайратын, күш-жігерлерін келер ұрпаққа баянды болашақ сыйлау жолына арнаған ерлеріміздің ерліктерінің, қаһармандықтарының символы» екеніне сенімді.

«Сіздерге жасалып жатқан қамқорлық, құрметті ардагерлер,   сұрапыл соғыс жылдарында жанқиярлықпен отанды қорғаған айқастарыңыз үшін бүгінгі ұрпақтың сіздерге көрсеткен құрметінің кішкене бөлігі ғана. Сіздердің жауынгерлік ерліктеріңізді Қазақстан жері мәңгі жадында сақтайды. Ұлы Жеңіс сыйлап, ерлік көрсеткен барша ардагерлерге басымды иемін және алғыс білдіремін», – деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

1941-1945 соғыс жылдарындағы оқиға Қазақстанда тұратын әр отбасыға ауыр тиді. Сондықтан да бұл мерекенің әр қазақстандық үшін маңызы аса зор.

Ұлы Отан соғысы жылдары майданда 1 млн 800 мың қазақстандық шайқасты. Жүз мыңдаған отандастарымыз орден, медальдармен марапатталды. 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Айқастарда жараланып, қаза тапқандар, хабар-ошарсыз кеткендер бар, тұтқыннан 630 мың адам оралмады. Қазақстан жауды жеңу үшін Кеңес әскеріне  барлық қажетті мүмкіндікті қамтамасыз етуде орасан зор үлес қосты.

Қазақстанда Жеңіс күні мемлекеттік мереке және демалыс күні деп жарияланды.

Жеңістің 71 жылдығы құрметіне соғыста қаза тапқандар мен аман оралған батырлар, тыл еңбекккерлеріне арналған көптеген шаралар ұйымдастырылуда.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректеріне сәйкес қазіргі уақытта қарттар мен мүгедектерге арналған  медициналық-әлеуметтік мекемеде 304 адам тұрып жатыр, олардың төртеуі ҰОС қатысушысы, 16-сы – олармен теңестірілген тұлғалар, 34-і тыл еңбеккерлері.

ҰОС Жеңісінің 71-жылдығын мерекелеу қарсаңында жергілікті атқарушы органдар ардагерлерді қолдау, оларға құрмет көрсету шараларының жоспарын іске асыруда. 2016 жылға арналған жергілікті бюджетте ардагерлерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін 2,6 млрд. теңге қарастырылған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз