Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

9-маусымдағы 1 АҚШ долларының құны 326 теңге

ҚР Ұлттық банктің 9-маусымға белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 331,59 теңге. Кешегі ресми бағам 333, 88 теңге болатын, ал аптаның бірінші күні оның құны 337,77 теңге еді. Демек, бұл аптада америкалық валютаның ресми құны құлдырап, төрт күн ішінде 6 теңгеге арзандады.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 326-329 теңге аралығында сатып алынып, 331-332 теңге аралығында сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің 9-маусымда бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 еуро —376,95 теңге, ресей рублі — 5,14 теңге, 1 фунт стерлингі — 482,07 теңге, жапон йені— 3,10 теңге, 1 қытай юаньы — 50,46 теңге, 1 қырғыз сомы —4,85 теңге, 100 өзбек сумы— 11,30 теңге болды.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 8-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 331,59 теңге деңгейінде нақтыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз