Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

9 айда еліміздегі автозауыттар 9 мыңға жуық жеңіл көлік шығарған

103

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Тек биыл соңғы 9 айда еліміздегі автозауыттар 9 мыңға жуық жеңіл көлік шығарған. Бұл 2000-шы жылдармен салыстырғанда 30-40 есеге өндірістің өскенін көрсетеді.

Нәтижесінде «Қазақстанда жасалған» деген әлемдік брендтегі көліктер тек өз елімізде ғана емес, ТМД елдерінің жолдарында жүйткіп жүр. Өскемендегі өндірісте бастапқыда 50 адам ғана жұмыс істесе, қазір 500 маман тұрақты еңбек етеді. Зауыт соңғы жылдары мамандардың еңбек өнімділігін арттыруға басымдық беріп отыр.

Владимир Дручинин, цех басшысының орынбасары:

-Бұрын бір көлікті құрастыруға 10 адам жұмылатын. Қазір конвейрдегі әрбір көліктің бөлшектері мен құрал-сайман тұсында тұрады. Шеберлер орнынан қозғалмастан жұмыс істей береді. Яғни қажетті бөлшекті әкелуге уақыт кетірмейді. Барлық цехта солай.

Ал Қостанай облысында «Тойото», «Пежо», «Ивеко», «Сан-Ионг» сияқты әлемдік маркалар қарқынды шығарылып жатыр. Енді Қытай елінің алып автоконцернімен бірлесіп, көлік құрастыруды қолға алды. Автозауытта биылдан бастап, электромобильдер желісі іске қосылды. Бұл – отандық автоөндіріс үшін мүлде тың жоба. Бұл көліктердің электр қозғалтқышының қуаты 85 киловатт болады. 115 аттың  күші бар. Аккумуляторы сағатына 33 кВт энергия өндіреді. Әзірге 20-ға жуық электромобиль жиналды.

Олег Комиссаров, жеңіл автокөліктер құрастыру цехының басшысы

-Батареялары күміс түсті металдан құйылған. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей қуаты орташа есеппен 200 шақырымға жетеді. Ол енді жол жағдайына, қалай жүретіндігіне байланысты. Ең негізгісі экологиялық және экономикалық тұрғыда тиімді. Мысалы, 1 шақырымға кететін бензин құнынан электр қуаты 50 пайыз арзан.

Осы саладағы сарапшы мамандар қазір нарықтағы отандық көліктер көрсеткіші 30 пайыздан асқанын айтады. Тек соңғы 9 айда 8 мыңға жуық көлік сатылған. Демек, қазақстандық үлес артып келеді. Бұған өз елімізде құрастырылған темір тұлпарларды сатып алғысы келетіндерге жеңілдетілген несиенің берілуі зор ықпалын тигізуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз