Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Павлодар облысының жекелеген аудандарында найзағай ойнап, 15-25 м/с жылдамдықта жел соғып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жауады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел шаңды дауылға ұласады.

Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай жарқылдайды.

Күндіз Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болып, кей жерлерде аптап ыстық болады.

Алматы, Атырау облыстарында, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында өрт шығу қаупі жоғары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз