Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жамбылдың қызымын…”. 70-ке келіп ұзатылған қалыңдық әжей өз шындығын айтты (фото, видео)

322

Жұртты қызықтыру мақсатында мұндай видеолардың сипаттамасы асыра сілтеп жазылатыны бар, осы жағдайда да шындыққа жанаспайтын тұстарын айта кетейік. Әженің жасы 70-те емес, 80-ге таяп қалған және ұзатылып жатқан жоқ, “Гауһар тойын” атап өтіп жатыр екен.

 

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек ауылында тұратын Оңлабай (Ел ішінде Оңтай ата) Мүлкібаев ата биыл 80-ге толады, ал құдай қосқан жары Қожашқызы Тиышкүл апамызмен отасқанына алпыс жыл болған екен.

 

Тоғыз ұл бір қызды дүниеге алып келіп, “ұлды ұяға, қызды қияға” қондырған зейнеткерлердің балалары, немерелері туыстары осы атаулы мерейтойды салтанатпен өткізуді жоспарлапты. Оңтай атаның айтуынша, той секілді қарапайым өткізуді ойлаған, алайда көрші ауылда тұратын қайын жұрты, яғни Тиышкүл апамыздың туыстары тойға бір күн қалғанда, “қызды ұзатамыз” деп үйлеріне алып кеткен.

 

Сонымен, Оңтай ата құдасын жігіт жолдас етіп, аудан орталығынан лимузин жалдап, қызды алып кетуге барады. Төс тарту, ілуін беру (қалың мал) тағы басқа салт-дәстүрді орындағаннан кейін, Тиышкүл апамызды сыңсу айтып ұзатады. Дәл осы сәттің видеосы Желілерде тарап жатыр екен. Мейрамханаға барар жолда Биназар бабаның басына барып тәу еткен.

 

Салтанатты шараның ары қарайғы жалғасы тойханада өткен.

Бүгінде Оңлабай ата мен Тиышкүл апаның 32 немересі, 11 шөбересі бар. Қыркүйек айының ортасында Оңтай атаның балалары ат шаптырып, күрестен жарыс өткізбекші.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз