Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

70-тен астам білікті маман мінген пойыз Қазақстанды аралайды

Оның сөзіне қарағанда, пойызда жасақталған топтың құрамында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған депутаттар да бар. Олар әрбір тоқтаған стансада қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады. Сонымен қатар бірқатар министрліктер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» өкілдерінен тұратын 70-тен астам мамандар жұмыс істейді.

«Бұдан бөлек, өнер адамдары, ғылым саласының өкілдері пойыз тоқтаған әрбір стансада жұмыс жасайды. Әрбір бекетте халық үшін игілігі мен қажеттілігіне орай ауқымды мәселелер шешіледі деген ойдамын»,-деді ол.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясы өз жұмысын 14 желтоқсан күні Алматы қаласында аяқтайтын болады. Акция кезінде пойыз республика бойынша 35 елдімекенге тоқтап, жергілікті халыққа, оның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына қажетті қызметтер ұсынылатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз