Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2023 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында өтеді.
Форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, халықаралық ұйымдар, ірі компаниялар, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтың өкілдері – 300-ден астам шетелдік делегаттар, олардың ішінде ХВҚ, ДСҰ, АДБ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ басшылары, ЕҚЫҰ ПА Төрағасы, ЭЫДҰ және АҚШ сауда миссиясының өкілдері, кеңес мүшелері және шетелдік инвесторлар қатысады деп жоспарлануда.
Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді.
Жиында сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелері талқыланады.
40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.
ҚР Үкіметі ұйымдастырған форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.