Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“7-сыныпта зорлады”. Шалқар тұрғыны масқара шындығын жайып салды

277

– Басында қорланып, өлгім келді, ол қиыншылықтан өттім, марқұм әжем ұстап қалды, ал есейе келе өш алу үшін еркектермен жүре бастадым, ал одан соң қайта тығырыққа тірелдім, сөйтіп ішкілікке салындым. Маған қазір не керек десеңіз, бәрін ұмыттыратын гипноз керек дер едім. Басқа түк емес, –

деген ол әңгімесін ең бірінші рет зорланған кезінен бастады.
https://kaz.365info.kz/ojnap-zhyrip-gej-bolyp-khaldym-khazakhstandykh-kogildirdin-angimesi-269489

7-сыныптамын: Ұят, бұл өліммен тең деп қолыма арқан алдым

– Ұлдар жүрген жерде төбелес. Содан соң оларға жоламайтынмын. Дене шынықтыру мен еңбек сабағын да жек көрдім. Алысатын-жұлысатын сабақ қой. Иә, қорқақпын. Оның үстіне қоян жырықпын. Ернімнен ұялып сабақта тақтаға да шықпай қоюшы ем.

Ұлдар маған көп тиісетін. Себебі даусым жіңішке болатын. Мектептен жылап, таяқ жеп қайтатын кезім көп болды. Әжем, шешем және қарындастарым бар үйде.

Күн көру керек. Сол үшін перрон жиегінде пойыз жағалай жүгіріп сусын, нан сататынмын. Өстіп жүргенде үлкен екі жігіт жағамнан ұстап, дөдеңдетіп шетке алып шықты. Пышақ көрсетіп қорқытып, зорлады. Ол кезде жеті оқитынмын.

Есім шығып кетті, үйге қарай тұра қаштым. Жүгіріп келе жатқанда санамда маған жаман нәрсе болғанын, жаман нәрсені құрту үшін өлу керек деген ой ғана болды. Сарайға барып, жіп іздеп таптым, мықшыңдап оны төбеге байлаймын деп жүргенде марқұм әжем кіріп келді.

Қолымдағы жіпті жұлып алды, мен жылаған күйі үйге кіріп кеттім. Бірақ ешкімге ешнәрсе айтқан жоқпын. Өйткені бұл ұят, өліммен тең нәрсе екенін бала болсам да біліп тұрдым.

Бұрынғыдай жүрдім, бірақ бір асылымнан айырылғандай ішім әлемтапырақ, тұйықтала бердім, жалғыз қалуды әдетке айналдырдым, ақыры ішіме сыймаған сырды қағаз бетіне түсіріп, күнделік жаздым тығып. Бір күні күнделігімді анам тауып алды. Қатты жылады. Неге айтпадың деді. Айтқанда не істейді? Одан соң қанша рет зорландым.

Маған ешкім көмектесе алмады. Жақыным да, полиция да. Полицияда талай болдым, зорланғанымды айтам, бірақ олар тыңдамайды, іс қозғамайды. Әулем, менсінбейді. Кіммін мен сонша? Ешқандай тірегім жоқ, басынуға болатын адаммын, сол керек өзіңе дейтін сияқты.

Тіпті, мектептегі психологтар да бала Қадырбайдың мәселесіне бас ауыртпапты. Ақыры ол Алматыға кетіп қалуды жөн көрген. Өзін танымайтын ортаға, оның үстіне ақша керек үйге дегендей.
https://kaz.365info.kz/ojbaj-syjiktim-dep-zhyrgenim-zhynysyn-auystyrgan-erkek-eken-292241

Бір топ еркек көлік ішінде зорлады

– Мен онда зауытта жұмыс істедім. Бәрі жақсы болған. Бір күні жігіттермен отырып арақ іштік. Әбден мас қылыпты, есімді білмеймін. Тұрсам суық жерде тыр жалаңаш жатырмын. Сау тамтық жерім жоқ. Осыдан соң ішкілікке салына бастадым. Дауысым жіңішке, өзім нәзік болған соң еркектер үйір боп алды маған мұнда да. Өш алғым кеп кетті олардан.

Билеп, қоздырып, қарамай кеткен кездерім болды. Ақшасын шаштырдым біреуінің. Сөйтіп жүріп ЛГБТ деген бар екен ғой, солармен кездесіп сөйлестім. Бірақ олардың жағдайы басқаша екен. Олардың өзі қыз болғысы келеді, еркектерді жақсы көреді, жыныс мүшесін ауыстырғысы келеді екен. Менде ондай ой жоқ. Еркектерді иттің етінен жек көрем. Сөйтіп жүріп Шалқарға қайтып бардым.

25 жасымда мені тағы зорлады. Топ еркек көлікке тығып алып. Мен қарсыластым, бірақ күшім келмеді оларға.

Неге мен? Үнемі осы сауал санамда сарнап жатады. Өйткені шалқарлықтар мені басынуға болатынын, менің ешкімге ешнәрсе айтпайтынымды, тек шешем барын, оның ешнәрсе істей алмайтынын біледі.

Мен өз-өзіме бірнеше рет қол салғым келді. Полициядағылар мені тыңдамай қойғанда өздеріне: „Мені далаға апарып тастаңдар, сол арада өлейін суықтан, өлігімді қарғалар жесін, арманым жоқ„ – дедім. Көпке дейін тығылып жүрдім ішімдегіні ешкімге айтпай. Ақыры айта бастадым. Анама, апайыма. Екеуі де мені қолдайды. Білесіз бе, зорлықты дәлелдеу өте қиын. Кейбір таныстарым: „Қой, үндеме, зорлаушы дөкей адам, өзіңді түрмеге жаптырып тастайды„ дейді. Маған әлі күнге қоқан-лоққы көрсетеді. Маған ол адамдардан түк керек жоқ. Ақша да, кешірімдері де. Мен тек әділеттіліктің салтанат құрғанын қалаймын. Қазір мен бәріне баруға дайынмын, жалғандықты әшкерелейтін аппараттан өтіп жатырмын, түсінем, мені ешкім жақтамайды, тіпті тергеушілер де, бірақ не де болса осы істі соңына дейін апарғым келеді, – дейді Қадырбай.

https://kaz.365info.kz/olgim-keledi-ake-sheshem-meni-er-balasha-osirdi-auyldyn-bir-khyzy-296952

Зорлықты дәлелдеу қаншалықты қиын екенін білесіздер ме?..

Өткен жылы ол «111» нөміріне хабарласып, өзінің зорлық-зомбылық құрбаны екенін мәлімдеген. Сөйтіп «НеМолчи» қозғалысына шыққан. Ондағылар Қадырбайға ең бірінші психологиялық жағынан көмектескен.

– Мен олардан мен секілді зардап шегушілердің қорғай алатынын білдім. Әділдік бар екен. Иә, Алматыда зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін ұйымның барын естідім. Бірақ көп жағдайда кінәлілер жауаптан сытылып кетеді екен. Алайда қоғам ең құрмағанда сол қарабеттердің атын естіп, жүздерін көреді. Қорғансыздардың күнің әлі қараң. Оларға қоқан-лоққы көрсетіліп, дұрыс өмір сүруіне жол бермейді. Мысалы, мен де мамандық алып, қатардағы адам секілді табыс тауып өз күнімді өзім көргім келеді, шешемнің зейнетақысына қарамай.

Шешеме менің алғысым шексіз. Ол 25 жасыма дейін менің асыранды бала екенімді білдірмеді. Оны зорланған соң білдім. Қатты шошып кеттім. Кімім бар менің? Енді шешем тастап кетсе қайтем деп қорықтым.

Менің басымнан өткен жағдайды ешкімге тілемеймін. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызбен жиі сөйлесіп, бауырларыңызға көбірек басыңыз. Мүмкін айта алмай жүрген бір сыры бар шығар. Бала ғой, қалай айту керектігін де білмейді. Ал қасында көп болып, басынан сипап отырсаңыз бір де болмаса бірде айтып қояды.

Маған қазір бір тірек жетіспей тұр. Кішкене демеп жіберетін. Соны сезем іштей, – дейді ішкі сырын әбден ақтарған жас жігіт.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-gejdin-yrgashysy-bolyp-shykhty-250142

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз