Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“7-20-25” тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы бекітілді

Бағдарламаға еліміздің еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады. Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады: 25 миллион теңге – Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында; 15 миллион теңге – басқа өңірлерде.

Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымы – “Баспана” ипотекалық ұйымы” АҚ. Оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен қаржыландырудың нарықтық тетіктерін пайдалана отырып Қазақстан қор биржасына (KASE) кемінде 1 триллион теңгені тартады және алынған қаражатты Бағдарламаның талаптары бойынша қатысушы банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын сатып алуға жібереді.

Бағдарлама шеңберінде қатысушы банктерге қатысты өлшемшарттар айқындалатын болады. Қатысушы банктердің тізбесі олар “Баспана” ипотекалық ұйымы” АҚ-пен тиісті шарттар жасасқан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бағдарламаның талаптарына сәйкес қатысушы банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ.

Қатысушы банктердің қарыздарды беру рәсімдерінің басталғаны туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің интернет-ресурсында да орналастырылатын болады. “7-20-25” бағдарламасын іске асыра бастаудың күтілетін мерзімі – ағымдағы жылдың екінші жартысы.

“7-20-25” Бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық банкінің “ҚҰБ “Online” мобильдік қосымшасында 2018 жылғы 19 маусымнан бастап “7-20-25″ жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы Бағдарламаға қатысты қызығушылық тудыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады”, – дейді банк өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз