Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“7-20-25” ипотекасы қашан берілетіні бастайтыны белгілі болды

Оның сөзінше, бағдарламаны бекіту мамырға жоспарланған.

“Қатысатын банктердің қаржылық жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге ипотека береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл кемінде 30-40 пайызға артады”, – дейді ол.

Смоляковтың сөзінше, жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес, бірақ, жұмысын “7-20-25” шарттарына сәйкесетін пәтерлер бойынша “Нұрлы жермен” үйлестіріп отырады.

“Кредиттің максимал көлемі анықталады. Кредитке 20 миллион теңге алынса, үлкен қалалардағы пәтер бағасы, онда кредит алушы айына 140 мың төлеуі керек болады. Ал аймақтық сипат және кредит мөлшері 7 миллион болса, онда айына 50 мың теңге төлейді. Бағдарлама жалпылай икемді”, – дейді ол.

Оның сөзінше, бес жылда Ұлттық банкке қарасты ұйым триллион теңгедей қаржы тарта алады.

Еске салайық, 5 мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев “7-20-25” атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз