Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“7-20-25” бағдарламасысының атын жамылып жалған ақпарат тарап жатыр

Компания “7-20-25” бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске салған, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта “7-20-25” бағдарламасымен несие бере алмайды. Сонымен бірге, құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу “7-20-25” бағдарламасы болып табылмайды.

“Бүгінгі таңда “7-20-25″ бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылып жатқаны да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз”, — деді “Баспана” ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

дерек көз:Sputnik.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз