Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“7-20-25″бағдарламасы бойынша пәтер алғандардың айлығы 200 теңге екені белгілі болды

Сонымен бірге, “7-20-25” бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды.

Қарыз алушының ортақ сипаты да белгілі болды. Ол — Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.

“Қазіргі таңда бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтың өтініші мақұлданғанын байқап отырмыз. Ол “7-20-25″ бағдарламасының көкейкестілігін, дер кезінде қолға алынғанын және әлеуметтік бағытын айқын дәлелдейді”, — деді “Баспана” Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Оның сөзінше, жылдық үстемесі 7 пайыз болатын “7-20-25” ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.

“Пәтер жалдағаннан гөрі, өз баспанаңда тұрғанға не жетсін”, — деп қайырды Қайрат Алтынбеков.

13 тамыз күнгі жағдай бойынша, Қазақстан халқынан бағдарламаға қатысуға 15,4 миллиард теңге сомасына 1323 өтініш келіп түскен. Оның ішінде жалпы сомасы 9,7 миллиард теңгені құрайтын 843 өтінішті банктер мақұлдады.

Қазіргі таңда “7-20-25” бағдарламасының ипотекалық несиесін Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK мен ЦеснаБанк арқылы алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз