Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

600 млрд теңге — бұл халықтың шағын несие ұйымдарына қарызы

Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың тоғыз айында микроқаржы ұйымдарының жиынтық бөлінбеген пайдасы 62,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кірістер 3,4 есе өсті.

Сонымен қатар, тоғыз айдың қорытындысы бойынша МҚҰ 2020 жылға қарағанда екі есе көп (32,1 млрд) және 2019 жылға қарағанда 2,7 есе көп (23,3 млрд) табыс тапқан.

Екінші жағынан, үшінші тоқсандағы пайда биылғы жылға ең азы болды. Шілде-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш қаңтар-наурыз айларындағы 21,3 млрд және сәуір-маусым айларындағы 22,4 млрд теңгеге қарағанда шамамен 19,06 млрд теңгені құрады.

Алайда, бұл да өте жоғары көрсеткіш. Мысалы, 2020 жылы МҚҰ-ның орташа тоқсандық жиынтық пайдасы 8 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың екінші тоқсанында микроқаржы ұйымдары күніне орта есеппен 207,2 млн теңге мөлшерінде пайда тапты.

МҚҰ портфелі шамамен 600 млрд теңгеге жуық

Пайданың күрт өсуі МҚҰ қызметтеріне сұраныстың артуы аясында орын алуда. 2021 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша берілген микрокредиттердің жалпы көлемі 594,6 млрд теңгені құрады (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде).

Шілде-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 63,4 млрд теңгеге немесе 11,9%-ға өсті. Жылдық мәнде өсім 214,1 млрд немесе 56,3% болды. Жылдық өсудің қазіргі қарқыны 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап ең жоғары деңгейді көрсетуде.

МҚҰ 14-ке көбейді

МҚҰ міндеттемелері де өсуде. 2021 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша олар бір тоқсан ішінде 52,6 млрд теңгеге немесе 12%-ға ұлғайып, 490,4 млрд теңгені құрады. Соңғы 12 айда өсім 144,4 млрд теңгені немесе 41,7%-ды құрады. Яғни, микрокредиттік ұйымдардың міндеттемелері несие портфелінен біршама баяу болса да, өте жоғары қарқынмен өсуде.

Таңқалатын жағдай емес, активтер бөлігі бойынша да рекордтық өсім байқалады: бір тоқсанда плюс 70,8 млрд теңге — 715,5 млрд теңгеге дейін. Соңғы 12 айда отандық МҚҰ жиынтық көрсеткіші 225,2 млрд теңгеге немесе 45,9%-ға өсті.

Сонымен қатар, МҚҰ көбейді. Ұлттық Банктің есебіне сүйенсек, 1-қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 232 Микрокредиттік ұйым жұмыс істейді – бұл үш ай бұрынғыға қарағанда 14-ке және жыл басындағыдан беске артық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз