Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

5-қарашада еліміздің басым бөлігінде жел соғып, тұрақсыз ауа-райы сақталады

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел тұрады. Алматы облысында бірқатар аумағында қатты жел болады, түнде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының бірқатар ауданында – тұман, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде де тұман, көктайғақ, қатты жел, түнде қар бұрқасындатуы ықтимал.

Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстарының да бірқатар өңірінде дауыл болады, тұман түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз