Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“45 мың рубль төледі”. Ресейлік жігіт өтірік ақпарат жасап, оны таратқандарын мойындады

Әлеуметтік желілерден жалған аккаунт ашамыз. Оның шегі жоқ. Бәрін кезек-кезек пайдаланып, басшылықтың бұйрығымен комментарий жазамыз.

Путинді жамандауға болмайды. Болды, басқасының барлығына ерік берілді. Өздері тақырып береді, одан соң „жер қыл„ дейді немесе „мақтауын асыр„ дейді. Ақша төлесе болды бізге. Бәрін шетінен жамандай береміз. Өтірік болсын, ұйқассын, ұйқаспасын!

Мысалы, 2015 жылдың соңында желіде Барак Обаманы әбден „сүйредік„. Оны үнемі Владимир Путинмен салыстырып, жолы болмайтын бейбақ, топас секілді көрсетуге тырыстық. Ангела Меркельдің өзі фашизм сөзінен қатты қорқады, бірақ соның өзін фашист қып „жібердік„. Ал Петр Порошенконы шошқаға теліп, мазақ қылдық.

Көпке бармадым, жұмыстан кететінімді айтып, бастықтың кабинетіне бас сұқтым. Анна деген бастығымның көңілі түсіп қалды.

„Қайтесің енді, өмір осындай. Мұндағы біздер – Кремльді жақтаймыз, ал басқалар Америка үшін күреседі„ – деді. Ол үшін бәрі ақ пен қара секілді. Не Кремль жақ болуың керек, не Америка жақ болуың керек. Ал соның ортасында да нәрсе барын ол ұқпайтын„

– дейді Беспалов Time-ға берген сұқбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз