Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бала мән-жайды өзі айтып берді (видео)

7 жасар Әбілқайыр бұл аймақта бұрын болмаған. Тауға шығып, қыстақты көрген соң, сол жаққа бет алған.

Қазір 4 күн бойы іздеуде болған Әбілқайыр Сейітжанұлына арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалған және баланы интернатқа өткізу жайы да талқыланып жатыр. Себебі, оның анасы жанында емес. Ал әкесі жалданып жұмыс жасайтын көрінеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, баланың жоғалғандығы жөнінде хабар Алакөл аудандық ІІБ Қабанбай ауылындағы бөлімшесіне Әшім ауылының тұрғыны хабар берген.

Алакөлдің полицейлерін аяғынан тік тұрғызған балақай Әшім ауылынан 3 шақырымдай жерде орналасқан қыстақтан табылды. 4 күн бойы жоғалған ұлды іздестіруге ауыл тұрғындары, мектепте істейтін жұмысшылар, әскери қызметкерлер мен 200-ге жуық еріктілер ат салысқан.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз