Масқара! Не долады, қайда барамыз! Соңғы 2,5 жылда ұлттық валютамыздың бағамындағы өзгерістерге баға берген Трейдерлер төл теңгеміздің бір долларға шаққанда 380 теңгеге дейін құлдырайтыны туралы болжам жасады деп, хабарлайды Tengrinews.kz.
https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-devalvatsiya-bolyp-zhatyr-mazhilis-deputaty-327456
“Альпари” сараптамалық департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова атап өткендей, 2018 жылғы теңге құлдырауын ескере отырып, өткен жылдардағы мәліметтермен салыстырсақ,
доллардың 2016 жылдағыдай қайтадан 380 теңге деңгейіне дейін көтерілуіне жол ашық сыңайлы.
– Мен бұдан бұрын, егер Ресейде доллар/рубль жұбы 70 рубльден асатын болса, Қазақстанда доллардың 400 теңгеге дейін көтерілуі ғажап емес екендігін айтқан болатынмын.
https://kaz.365info.kz/biz-bittik-tanymal-kharzhyger-khazakhstandy-ne-kytip-tyrganyn-ashykh-ajtty-foto-327605
Бүгін рубльдің долларға шаққандағы бағамы күшейіп келеді, ендеше, теңгенің құлдилауды тоқтатып, тыныстауға мүмкіндігі бар. Алайда, менің ойымша, тамызда рубльдің де, теңгенің де бағамында күшті құбылмалылық байқалатын болады.
Дамушы нарықтардағы ортақ тұрақсыздықтың салдарынан, атап айтқанда, түрік лирасының құлдырауы және қытай юанінің қалыпты төмендеуі, теңге мен рубльдің долларға шақандағы құлдырауын жалғастыруы әбден мүмкін, – дейді Мильчакова.
Осыған ұқсас болжамды “Телетрейд Групп-тың” бас сарапшысы Олег Богданов та айтып отыр. Ол қазақстандық теңгенің emerging markets валюталарының арасында жалпы жағымсыз трендте тұрғанын алға тартты.
– Түркияда, Аргентинада дағдарыстық құбылыстардың күшеюі салдарынан, олардың қатарына Бразилияны, Ресейді және тағы басқаларын қосуға болады, осы елдерден, жалпы, дамушы нарықтан инвесторлар өз активтерін әкетуде. Теңгенің техникалық сипаты жағымсыз болжамдарды растап отыр.
https://kaz.365info.kz/tenge-khyldyrap-zhatyr-sarapshylar-tamyz-ajynyn-sonyna-bolzham-zhasady-327568
Егер нарық 380 деңгейінен асатын болса, онда жақын болашақта теңгенің 400-420 дейін құлдырауы да алыс емес,
– дейді сөзін қорытындылаған Богданов.